14 маусымда Конференция аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қалтаева Ләззат Молдабекқызы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, БҰҰ мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Гертруда Офорива-Фефоамемен кездесу өтті.

Назгүл Сағындықова БҰҰ-ның шарттық органына осы жылы 7 маусымда Мемлекет басшысының «Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қоюы жөнінде хабарлады.

Факультативтік хаттаманы ратификациялау Қазақстанның мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілділігін тағы да көрсетеді.

БҰҰ мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Гертруда Офорива-Фефоамемен кездесу барысында Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтарға жасалынып жатырған жұмыстарды таныстырдық.

Kenzhegul Seitzhan

Авторское право © Общественный благотворительный фонд «Комектес»
Наш адрес: 050008, г. Алматы, ул. Жумалиева д.156, кв.41
email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.