«Мен сені сүйем, өмір»
16 қараша күні Алматы қаласындағы «Мега» сауда орталығында зағип жандар арасындағы қалалық «Мен сені сүйем, өмір» атты ән байқауы өтті. Байқауға Алматы қаласының 15 зағип әншісі қатысып, қазақ, орыс және басқа тілдерде ән шырқады.
Байқауды ұйымдастырушы: «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы, басшысы Алтынай Қоңыратбайқызы Ибрагимова.
Қазылар алқасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова басқарды.
«Мен сені сүйем, өмір» байқауының жеңімпаздарын және Гран-при иегері Айсұлу Тұрымбекті шын жүректен құттықтаймыз!!!
Байқауды жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға және «Мега» сауда орталығына алғысымызды айтамыз.
Сара Мәжиқызы, 18.11.2024ж.