KZ     RU     ENG
Жұма, 24 Мамыр 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
барлығы:  15781919
2019 жылы:  1243701
бүгiн:  1781
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.01.2019

   2019 жылғы 23 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы және Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі Ахметжан Аширидің 80-жылдығына арналған шығармашылық  кеш  өтті.
    Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, А.Ашириге «vip» оқырман билетін табыстады.
  Ахметжан Ашири 1938 жылы 20 тамызда Алматы облысы Шелек ауданының Малыбай ауылында туған. Панфилов педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыған. Ол Республикалық «Коммунизм туғи» газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Көркем шығармамен 1956 жылдан айналыса бастайды. Оның алғашқы әңгімелері «Таңғы самал», «Қилы адамдар» жинағына енді. Ал 1965 жылы ауыл жастарының өміріне арналған «Осылай өмір сүргім келеді» атты тұңғыш повесі жарық көрді. Шығармалары орыс, қазақ, өзбек, украин, қырғыз тілдеріне аударылған. «Өлмейтіндер», «Муқамшы», «Диқан», «Идиқұт»  пьесалары республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрында қойылып келеді.
   Іс-шараға Бауыржан Жақып, Сұлтанәлі Балғабаев, Жанарбек Әшімжан, Ахметжан Шардинов, Нұрдәулет Ақышев, Әлімжан Тілеуалды, Рафаэль Ниязбек, Темірхан Тебегенов, Қайрат Дүйсен және т.б. қоғам  қайраткерлері  қатысып, сөз сөйледі.
    Кеште ұйғыр тілінде әндер орындалып, А.Ашириге арналған бейнеролик  көрсетілді. Сондай-ақ, оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
    Іс-шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

           

                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование